«Ұлы дала еліне саяхат» жобасы шеңберіндегі «Сарыарқа» экспедициясы мәресіне жетті. 20-шы тамызда басталған саяхат 4 мың шақырым жолды, бес ұлттық табиғи саябақтың аумағын қамтыған. Экспедиция мүшелері Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облысындағы киелі жерлерді, табиғаты тартымды орындарды аралады. Жануарлар әлемімен танысып, жаңа туристік бағыттарды еңсерген. Саяхатшылар барған соңғы орын Бурабайдағы «Абылай хан алаңы» болды. Бұл жер «Қазақстанның киелі жерлер географиясына» енген. Ал, Ақмола облысы бойынша осы тізімге 10 нысан кіреді. Экспедицияға барлығы 150 адам қатысты.
Рашид Күзембаев, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы:
- Экспедицияның қорытындысы бойынша бірнеше жаңа туристік бағыт ашылатын болады. Мол фото және бейнежазбалардың қоры жинақталды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.