«Үйде отырып, үйдей іс тындырып жүрген ең үздік аналарды «100 жаңа есім» жобасына енгізіп, өзгелерге үлгі етуді қолға алу керек. Себебі, ұлт болашағын тәрбиелеп, білімді ұрпақ қалыптастыратын солар», - дейді Астана қалалық Ата-аналар форумына қатысушылар. Сондай-ақ, жиында бала тәрбиесіндегі ер азаматтың алатын орны сөз болып, оның салдары сарапқа салынды. Мұғалімдер қауымы тіпті ұл-қызының күнделігін тексермейтін әкелердің көп екенін айтып, оларды белсенді болуға шақырды. Өткір тұрған тағы бір мәселе, ер мұғалімдердің тым аздығы. Осыларды алға тартқан ата-аналар арнайы үндеу қабылдап, оны құзырлы органдарға жеткізетін болып келісті. Шара соңында келушілер көрмені тамашалады. Мұндағы заттардың барлығы қаладағы төртінші мектеп гимназиясы оқушыларының қолымен жасалған.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.