Композитор, орындаушы, қазақ музыкасын зерттеуші, ғалым, «Құрмет» орденінің иегері, Еділ Құсайынов «Түнгі студия» бағдарламасында қонақ болды.
Студия мейманы Париждегі UNESCO hall, Лондондағы Royal Albert Hall, Kennedy hall, , Нью-Йорктағы Carnegie Hall-да 3 рет өнер көрсеткен.
Сондай-ақ, Еділ Құсайынов Spirit of Astana Nomad way деген фестивальдерде шетелден келген музыканттармен бірге концерт берген.
Сонымен бірге, музыкант тойда айтылатын әндерге қатысты да өз пікірін білдірді. «Тойдың музыкасы – ет қорытатын дыбыстар деп ойлаймын. Ол музыка емес, ол дыбыс».