«Түнгі студия» бағдарламасында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері, Астана циркінің директоры Ерік Жолжақсынов қонақ болды.
Актер Е. Жолжақсынов түскен кино картиналары туралы айтып берді: «Болат Қалымбетовтың «Талан» деген киносына түстім. 1933-1937 жылдардағы репрессия жылдар бейнеленетін бұл картина атауының мағынасы – «тағдыр» дегенді білдіреді, яғни сол жылдардағы қазақ елінің тағдыры суреттеледі. Фильмнің премьерасы мамыр айына жоспарланып отыр».
Сонымен қатар, Ақан Сатаев түсіріп жатқан «Томирис» фильміне түсіп қайтқан. Ол кинода көсем, қолбасшының рөлін сомдайды.
Актер сондай-ақ, жақында Монте Карло қаласына барып, 42-ші Цирк фестивалінде қазылық етті.