«Түнгі студияның» жаңа маусымында әнші Сәкен Майғазиев қонақта болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияның» жаңа маусымында әнші Сәкен Майғазиев қонақта болды

06.03.2018

«Түнгі студия» бағдарламасы көктемгі жаңа маусымда көрермендерге өзгеше форматта жол тартты. Жүргізушілер - Қайрат Әділгерей мен Эльвира Ерғалина.

Алғашқы қонақ - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Сәкен Майғазиев.

7 наурызда Алматыдағы Республика сарайында әншінің «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» атты концерті өтеді. Концерттің бас режиссеры – Андрей Хван. Бұл туралы әнші сұхбат барысында көпшілікпен бөлісті.

«Көшеге жарнамалық бейнеролигім шықпай жатып, билеттердің өтіп кетуі мені қатты қуантты. Кассаға түскен 5 күннің ішінде барлық билеттер сатылып кеткен. Көрерменнің талап-тілегі бойынша сол күнге тағы бір қосымша концерт ашуыма тура келіп тұр»,-дейді әнші. Ал, концерттің ерекшелігі туралы «арық айтып, семіз шығуды жөн санайтынын» жеткізді.

 

Хабарламаларға жазылу