Күшті жел мен нөсер жауыннан бірнеше елді мекенді тасқын жайлады. Жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жеткен дауыл ағаштарды құлатып, сымдарды үзіп кеткен. Соның салдарынан Чаочжоу қаласында 4 мыңға жуық тұрғын электр жарығынсыз қалды. Сонымен қатар, жолдарды су шайып, егін алқаптарына орасан зиян келді. Ал, қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ. Қазір апаттан зардап шеккен аймақтарда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Байлу Тайваньға да соққы беріп, онда 350-дей әуе рейсі доғарылған еді. Аралды су басу қаупіне байланысты кәсіпорындар мен мектептер жабылып, жүздеген адам эвакуацияланды.
Байлу – Қытайға бір жыл ішінде соққы берген 11-ші тайфун. Табиғи апатқа байланысты елде қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ