Ауыл тұрғындары сайлауға белсенді түрде қатысты
Ал Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары белсенді дауыс беріп жатыр. Тасқала ауданында 10 мыңнан астам адам сайлауға қатыса алады. Ауылдағы таңдау жасау барысы қалай өтіп жатқанын өңірдегі меншікті тілшіміз Ардақ Мұратқызынан сұрап білейік. Ардақ, ауылда мерекелік атмосфера сезіле ме? Көңіл күйлеріңіз қалай?
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Иә, тарихи күні ауыл тұрғындары ерекше белсенділік танытып жатыр. Көңіл күйіміз тамаша! Мерекелік атмосфера біз тұрған №330 сайлау учаскесінде де сезіледі. Тасқала шекаралас аудан болғандықтан, мұнда арнайы бөлім жұмыс істейді. Таңғы сағат 7-де шекарашылар келіп, өз таңдауын жасап кетті. Жалпы учаскеде 1 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Комиссия мүшелері өз міндеттеріне сай жұмыс істеп жатыр. Байқаушылар да өз орнында. Мінекей, қазір дауыс беруге ауылдың сал-серілері келіп жатыр екен. Ауылдың алты ауызын айта келген өнерпаздар пікірін сұрап көрелік. Саламатсыз ба, сайлауға керемет көңіл күймен келіпсіздер. Сіз үшін бүгінгі күннің маңызы неде?
Сұңғат Жанаев, Тасқала ауылының тұрғыны:
Бүгінгі тарихи күннің мәнін айшықтап, сәнін келтіру үшін сал-серілер болып, топтасып, дауыс беруге келдік. Мен елімнің жарқын болашағы үшін дауыс беремін. Әрбір азамат қалыс қалмай, өз таңдауын жасауы керек деп есептеймін. Президентіміз әділетті қоғам құрамыз деп жаңа реформаларды қолға алды. Біз оны қолдаймыз, атсалысуға дайынбыз. Рұқсат болса, ауылдың алты ауызын айтып жіберейік.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Мінекей, ауылдағы сайлау осылайша көтеріңкі көңіл күймен, ғажап атмосферада өтіп жатыр. Ал жалпы облыста дауыс беру құқығы бар 450 мыңнан астам азамат тіркелген. Өңірде барлығы 488 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық марафонның қазір бесінші сағаты өтіп жатыр
23.08.2026, 13:17
Сайлау учаскелерінде Exit Рoll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр
23.08.2026, 13:10
Сайлаушылар белсенділігі жоғары
23.08.2026, 13:02
Жыл басынан халық саны 90 мыңға өсті
23.08.2026, 13:02
Дауыс берушілер саны қанша?
23.08.2026, 13:01
Президент Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 12:54
Мұнайшылар өңірінде де сайлаушылар дауыс беруге ынталы
23.08.2026, 12:12
Түркиядағы отандастар да дауыс берді
23.08.2026, 12:11