Солтүстік Корея ресейлік балық аулау кемесін тұтқындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея ресейлік балық аулау кемесін тұтқындады

24.07.2019

Солтүстік Корея ресейлік балық аулау кемесін тұтқындады. «Сянхайлинь-8» су көлігіне «ел аумағына кіру ережелерін бұзды» деген айып тағылған. Аталған іс бойынша шекарашылар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиға шілденің 17-де болған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болды. Ресейлік кеме Сокчо қаласынан Жапон теңізіне шаян аулауға бара жатқан. Борттағы 17 экипаж мүшесінің екеуі – Оңтүстік Корея азаматтары. Қазір капитан мен оның көмекшісі және екі кореялық теңізші қонақүйге орналастырылды. Ал қалған адамдар кеме бортында. Ресейлік дипломаттар олармен кездесіп, балықшылардың жағдайы жақсы екенін жеткізді. Ел билігі тексеру жұмыстары аяқталған соң, кемені елге қайтаратынын айтты.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу