Пхеньян Ресейге оқ-дәрі бермегенін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньян Ресейге оқ-дәрі бермегенін мәлімдеді

23.12.2022

Солтүстік Корея өзінің Ресейге оқ-дәрі жөнелткені жайлы ақпаратты «негізсіз» деп атады. Бұл туралы мәлімдемені осы елдің сыртқы істер министрлігі таратты.

Айта кетсек, таяуда Жапонияның «Токио Симбунь» газеті Пхеньянның Ресейге артиллериялық снарядтарды теміржолмен жеткізгенін хабарлаған еді. Ал Ақ үйдің дерегінше, Солтүстік Корея Украина армиясымен шайқасып жатқан ресейлік «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясына қару жіберуді аяқтаған.

Алайда Ким Чен Ын үкіметі «Вагнерге» жәрдем жайында ештеңе айтпай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу