АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния штатында 20 миллион адам тұратын аумақта жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния штатында 20 миллион адам тұратын аумақта жер сілкінісі болды

05.07.2019

Соңғы мәліметке қарағанда, қуаты 6,4 баллдық зілзаладан 1 адам қаза тауып, бірнешеуі жеңіл-желпі жараланған. Және де кейбір үйлер өртеніп, талай ғимарат зақымданып, жолдардың бетіндегі асфальт жарылды. Ал, бір госпитальді түгелдей эвакуациялауға тура келген.

 

Бұл - Оңтүстік Калифорнияда соңғы 25 жылда болған ең күшті зілзала. Құрама Штаттардың Геологиялық бақылау қызметінің мәліметінше, табиғи апаттың эпицентрі Ажал алабы ұлттық паркінің маңында анықталған.

 

Жер тербелісін Лос-Анджелес, Лас-Вегас, Невада және Мексиканың оңтүстігіндегі бірқатар қалалардың тұрғындары да сезінді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу