АҚШ-та «Фейсбук» компаниясының пошта бөліміне жөнелтілген қораптардың бірінен улы зат анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та «Фейсбук» компаниясының пошта бөліміне жөнелтілген қораптардың бірінен улы зат анықталды

02.07.2019

Болжам бойынша, ол – жүйкені салдандырушы «зарин» болуы мүмкін. Қазір сол қораппен жұмыс істеген екі адам арнайы тексерістен өтіп жатыр.

Бұл оқиғадан кейін, компанияның 4 ғимаратынан қызметкерлерді эвакуациялауға тура келді. Ұйым өкілдерінің хабарлауынша, барлық пошта қауіпті заттарды анықтайтын арнайы құрылғыдан өтеді. Күдікті қорап осындай тексеруден өткенде, дабыл іске қосылған. Дегенмен, улы затпен ешкім тікелей жұмыс істемеген, сондықтан адамдар өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді мамандар.

«Зарин» - химиялық соғыста қолданылатын антропогендік жүйке агенті. Ол ағзаға түскен соң, адамның басы ауырып, тынысы тарылып, әлсіздік, тырыспа пайда болады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу