Малайзия полициясы ел астанасы Куала-Лумпурдың халықаралық әуежайында бес мыңнан астам су тасбақасын тәркіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия полициясы ел астанасы Куала-Лумпурдың халықаралық әуежайында бес мыңнан астам су тасбақасын тәркіледі

26.06.2019

Олар екі үндістандықтың қол жүгінен табылған. Шетелдіктер авиациялық терминалға Қытайдың Гуанчжоу қаласынан ұшып барған бетте тұтқындалды. Енді оларға айып тағылады, дейді жергілікті билік өкілдері.

«Рейтердің» хабарлауынша, қызылқұлақты тасбақалар жануарлар саудасында үлкен сұранысқа ие. Ал, Малайзия кейінгі жылдары жабайы жануарларды контрабандалық жолмен Азия елдеріне жеткізуде транзиттік мемлекетке айналып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу