Үндістанда нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, үлкен шатыр құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, үлкен шатыр құлады

24.06.2019

Салдарынан 14 адам қаза тапты. Жараланғандардың саны 50-ге жетіп отыр. Қайғылы оқиға елдің батысындағы Раджастан штатының Бермер ауданында болған. «Хиндистан таймс» газетінің хабарлауынша, шатырға діни рәсім өткізу үшін 300-дей адам жиналыпты. Олардың кейбірін тоқ соқса, ендігі біреулері ауыр заттардың астында қалып қойған. Ұйымдастырушылардың жаңбыр құйып тұрғанда, неліктен шатырды электр желісінен ажыратпағаны әзірге белгісіз боп тұр. Тергеу жалғасып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу