Оман бұғазында екі мұнай танкері зақымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оман бұғазында екі мұнай танкері зақымданды

13.06.2019

Норвегиялық Front Altair жүк кемесі суға батып кетті. Frontline компаниясының өкілдері су көліктеріне шабуыл жасалды деп отыр. Болжам бойынша, ол үшін торпеда қолданылған.

 

Оқиға Иран жағалауының маңында бүгін таңертең болды. Жарылыстан кейін, өртке оранған танкерлерге АҚШ-тың Әуе-теңіз күштері жіберілді. Ал, Иран сақшылары экипажды эвакуациялап, 44 теңізшіні ел жағалауына жеткізген. Зардап шеккендер жоқ. Ал, шабуыл себептері әзірге белгісіз.

 

Бұл оқиғадан кейін, Brent маркалы мұнайдың бағасы 4%-ға көтерілді.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу