Әлемнің соғыс жүріп жатқан аймақтарында әрбір бес адамның біреуі психикалық ауруға шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің соғыс жүріп жатқан аймақтарында әрбір бес адамның біреуі психикалық ауруға шалдыққан

12.06.2019

Әлемнің соғыс жүріп жатқан аймақтарында әрбір бес адамның біреуі психикалық ауруға шалдыққан. Депрессия, қорқыныш, пост-травматикалық стресс, шизофрения тәрізді проблемасы бар тұрғындар Ауғанстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен, Ирак тәрізді елдерде жиі кездеседі. Бұл туралы баяндаманы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы сейсенбі күні жариялады. Ондағы деректер бойынша, бейбіт өмір сүріп жатқан елдерде 14 адамның біреуінен ғана мұндай аурулар кездескен. Бұл зерттеу 1980-2017 жылдар аралығында әлемнің 39 мемлекетінен жиналған сараптамалар мен деректерге негізінде жасалыпты.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу