Батыс Қазақстан облысында жаңа автокөліктерді тиеген жүк көлігі аударылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жаңа автокөліктерді тиеген жүк көлігі аударылып қалды

03.03.2022

Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау тасжолында жаңа автокөліктерді тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Жүк көлігінің жүргізушісі аман. Полицейлердің айтуынша, ол рөлге ие бола алмай қалып, жолдың жиегіне түсіп кеткен. Тиелген жеті жаңа көлікке зақым келген. Қазір материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу