Гонконгте шерушілер полициямен қақтығысып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгте шерушілер полициямен қақтығысып қалды

10.06.2019

Қытайдың Гонконг әкімшілік ауданында наразылық акциясына шыққан халық полициямен қақтығысып қалды. Олар экстрадиция туралы заң жобасына өзгерту енгізуге қарсы. Заңнамалық кеңестің ғимаратына басып кірмек болған демонстранттарға тәртіп сақшылары бұрышты газ бен резеңке таяқ қолданды.

Егер жаңа заң қабылданса, Гонконг қылмыс бойынша күдіктілерді, экстрадиция жөніндегі келісімі жоқ елдерге беруі тиіс. Шерушілердің ойынша, бұл әкімшілік ауданның дербестігіне зиян келтіреді.

Айта кетсек, Гонконгқа «Бір ел, екі жүйе» қағидасы бойынша автономия берілген. Сондықтан оның өзіндік әлеуметтік, заң және саяси жүйесі 50 жыл сақталады. Алайда Қытайдың биліктегі коммунистік партиясы заңнамаға өзгертулер ұсынып, арадағы келісімді бірнеше рет бұзған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу