Қытайдың Фушунь қаласында жас жігіт өрттен 14 адамды құтқарды
Қытайдың Фушунь қаласында 19 жастағы кран операторы жанып жатқан ғимараттан 14 адамды құтқарып қалды. Лан Цзюньце өрт басталғанда жақын маңдағы құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан. Ол ғимараттан шыққан қою түтінді көре сала, оқиға орнына дереу жетіп, кранның көмегімен от қоршауында қалғандарды шығарып алды. Аман қалған тұрғындар Лан дереу көмекке келмегенде, терезеден секіріп кетуге шақ қалғандарын айтып, оған алғыстарын жаудырды. Дегенмен, техникалық ақауларға байланысты өртті дереу ауыздықтау мүмкін болмай, 1 адам қаза тапқан.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05
Шахматтан турнир өтті
06.06.2026, 20:04