Шахматтан турнир өтті
Астанада мүгедектігі бар жандар арасында шахматтан турнир өтті. Жарысқа 50-ге жуық параспортшы қатысты. Солардың бірі – Орынтай Мұхтаров. Биыл 80-ге келген ол шахматты 30 жасынан бері кәсіби түрде ойнайды. Жұбайы Әлия Жұбатқанова да спортшы. 25 жыл отасқан ерлі-зайыпты турнирлерге бірге дайындалады. «Сал ауруы спорттық додадан сан мәрте жеңіспен оралуға кедергі болған емес. Әлі де талай белесті бағындыруға дайынмын», дейді параспортшы.
Орынтай Мұхтаров, шахматшы:
Бұрын қазіргідей жағдай жоқ еді. Қарттар үйіне барып, басқасын таппағасын, сол жердегі шахмат үстелінде жаттығатынмын. Бүгінде барлық жағдай жасалған. Еш кедергісіз дайындала береміз. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.
Жарыс барысында шахмат федерациясы мен демеушілер арасында меморандумға қол қойылды. Енді мүгедектігі бар жандарға арналған спорттық іс-шаралар көбейе түседі. Жуырда ортақ жобаларды қолға аламыз, дейді ұйымдастырушылар. Бұл жолы турнирдің жүлде қоры – 1 миллион теңге. Сондай-ақ жеңімпаздарға сыйлық ретінде спорттық іс-шараларға арналған арба берілді.
Гүлмира Дәулетова, Қазақстан Шахмат федерациясының атқарушы директоры:
Бұл жыл сайын өткізілетін жарыс. Infinite Chess - шахматтың шектеуі жоқ деген мағына береді. Алматы жартылай марафонына да қатысады біздің бүгінгі қатысушыларымыз. Сондықтан да шахмат түрлі спорттарды біріктіретін экосистемаға айналып жатыр.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27