Шереметьеводағы ұшақ апаты: Қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шереметьеводағы ұшақ апаты: Қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

06.05.2019

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің алдын ала ақпараты бойынша, Шереметьево әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары болған жоқ.

Болжамдарға қарағанда, бұл трагедияға найзағай себепші. Бұл туралы экипаж командирі Денис Евдокимов айтты. Аспандағы соққыдан радиобайланыс жоғалған. Сондықтан пилоттарға лайнерді апатты жағдайда басқару режиміне ауыстыруға тура келді.

Сонымен қатар, әуе машинасы қонғанда бірнеше рет жерге соғылып, оның шасси тағандары майысып, қозғалтқыштары отқа оранған. Ұшақтың артқы бөлігі түгел жанып кетті. Соңғы деректер бойынша, жолаушылар қол жүктерін алып шығуға ұмтылып, әуе кемесінің соңында отырған адамдардың жолын бөгеп, олардың шығуына мүмкіндік қалдырмаған. Сондықтан, адамдардың көбі қаза тапты. Ал, Мурманскіде алдағы 3 күн қаралы деп жарияланды.

Елена Марковская, РФ Тергеу комитеті Мәскеу аймақаралық көлікті тергеу басқармасы жетекшісінің аға көмекшісі:

- Ұшақта барлығы 73 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. 28 жолаушымен тергеушілер және психологтар жұмыс істеп жатыр. 5 адам ауруханаға жеткізілді. Ұшақта болған барлығы 78 адамның 37-сі ғана тірі қалды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу