Колумбия мен Венесуэла арасындағы шекараны жемқорлық жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбия мен Венесуэла арасындағы шекараны жемқорлық жайлады

03.05.2019

Колумбия миграциялық агенттігі Венесуэла президентін Николас Мадуроны шекарада жемқорлыққа жағдай жасап отыр деді. Бұл екі ел азаматтарының мемлекеттерге емін-еркін өтуіне кедергі келтіруде. Ақпанда Мадуро АҚШ-тан келген гуманитарлық көмекке тосқауыл қою мақсатында, шекарадағы көпірлерді бөгеген еді. Енді Венесуэлаға бару үшін адамдар пара беруге тиіс болғандықтан, заңсыз жолдармен жүруге мәжбүр.

Айта кетсек, миллиондаған венесуэлалық төңкерістер мен шерулерден кейін, көрші елдерге ағылып жатыр. Ресми деректер бойынша, Колумбиядағы Венесуэла мигранттарының саны 1 миллион 260 мыңға жеткен.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу