АҚШ-та халық миграциялық саясатқа наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та халық миграциялық саясатқа наразы

02.05.2019

АҚШ-та мамырдың алғашқы күніне орай шеруге шыққан халық елдегі миграциялық саясатқа наразылық білдіріп, жаңа жұмыс орындарын құруды талап етті. Елдің барлық штаттарында өткен шерулердің ең ауқымдысы Лос-Анджелесте болды. Оған шамамен 500 мыңдай демонстрант қатысқан. Олар ел президенті Дональд Трамптың мигранттар тұрғысындағы қатал заңдарын сынға алып, бұл оларға қысым көрсету деп отыр. Сондықтан шерушілер қолдарына плакаттар ұстап, «Біріксек, жеңілмейміз!» деп ұрандатты.

Айта кетсек, соңғы жылдары Трамптың миграциялық бағдарламасы халықтың шеруге шығып, наразылықтарын білдіруіне себепші болып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу