Брюссельде Еуроодақ елдері лидерлерінің биылғы соңғы кездесуі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде Еуроодақ елдері лидерлерінің биылғы соңғы кездесуі өтуде

15.12.2017

Саммитте одақтастар арасында миграциялық саясат бойынша қарама-қайшылықтар туындады. Еуропаға Жерорта теңізі арқылы келетін мигранттарды қабылдауға бөлінетін квота мәселесі басты назарда. Франция президенті Эммануэль Макрон босқындарға пана беру жүйесін өзгертуді ұсынса, Германия канцлері Ангела Меркель Шығыс Еуропа елдерінің Италия мен Грекияға шоғырланған мигранттарды қабылдамауын сынға алды. Еуропалық Кеңес басшысы Дональд Туск миграциялық саясатқа қатысты реформа жүргізілетінін мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу