Индонезияда су тасқынынан 59 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда су тасқынынан 59 адам қаза тапты

25.01.2019

Индонезияда дамбадағы судың арнасынан асып кетуі лай көшкіні мен алапат тасқынға себеп болды. Соңғы мәліметке қарағанда, 59 адам қаза тапқан. Мыңдаған тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

Қазір Оңтүстік Сулавеси провинциясының Гова қаласында іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Бұл іске әскерилер де тартылған.

Индонезия 17 мыңнан астам аралдан құралған архипелаг. Сондықтан, мұнда табиғи апаттар жиі болып тұрады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу