Ливиядағы қарулы қақтығыс құрбандарының саны артты

23.04.2019

Ливия астанасы Триполи маңында үкіметтік күштер мен Халифа Хафтардың ұлттық армиясы арасындағы позициялық қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Соңғы деректерге қарасақ, ай басында тұтанған қарулы қақтығыс құрбандарының саны 254-ке жетіп, 1 200-ден астам адам жараланған. Ливия астанасы маңында тұратын 32 мыңнан астам тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша жоғары комиссарының басқармасы мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу