Шри-Ланкадағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 290-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкадағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 290-ға жетті

22.04.2019

Ал, жараланғандар 500-ге жуықтаған. Құрбандар мен жапа шеккендер көбеюі мүмкін. Соңғы мәліметтерге сай, қаза тапқандардың 27-сі - шетел азаматтары. 

8 жарылыс шіркеулер мен қонақүйлерде жексенбіде болды. Олардың көбін жанкештілер ұйымдастырған. Шабуылды ешқандай топ мойнына алған жоқ. Дегенмен, ел билігі жарылысқа кімдердің жауапты екенін білетіндерін мәлімдеді. Қазір қанды қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен 27 адам ұсталып отыр. Елде коменданттық сағат жарияланып, негізгі әлеуметтік желілерге тосқауыл қойылды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу