Нью-Йоркте қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте қызылшаға байланысты төтенше жағдай жарияланды

10.04.2019

Нью-Йоркте қыркүйектің соңынан бері 285 адам қызылша ауруына шалдыққан. Инфекцияны жұқтырғандардың 246-сы - балалар. Қалада бұл ауру сонау 1991 жылдан бері алғаш рет мұнша кең таралып отыр. Қызылша ошағы анықталған аудан тұрғындарына міндетті түрде вакцина алу қажеттігі ескертілді. Өйтпесе олар айыппұл төлейді.

Айта кетсек, Нью-Йорктің жұқпалы ауру тараған кварталында негізінен ортодоксальді еврейлер тұрады. Олар діни түсініктеріне орай екпе салдырмаған. Жалпы, қызылша - аса жұқпалы вирустық дерт. Ол ауа және тамшы арқылы тез таралып, өкпенің қабынуы, құлақ инфекциясы және мидың қабынуы тәрізді ауруларға шалдықтыруы мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу