Алматыда ақылы автотұрақтарға қатысты жаңа тариф енгізіледі

30.07.2020

Алматыда ақылы автотұрақтарға қатысты жаңа тариф енгізіледі. Көк базар маңындағы тұрақтар бағасы елу пайызға, яғни 100 теңгеден 150 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл сұрақ қоғамдық кеңесте талқыланып жатыр. Ал қалалық әкімдік жаңа тариф енгізуді мақұлдаса алдағы бір айда техникалық жұмыстар жасалып, жаңа тариф бойынша төлем қабылданады. Айта кетейік, сарапшылардың қатарында қазіргі қиын жағдайда тұрақ бағасына қатысты шешімді кейінге қалдыруды немесе бағаны мүлдем өзгеріссіз қалдыруды ұсынғандар бар. 

Нұрхан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу