АҚШ аумағына өте алмаған Мексикадағы мигранттар далада түнеуге мәжбүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ аумағына өте алмаған Мексикадағы мигранттар далада түнеуге мәжбүр

04.04.2019

Олар Америкада еркін жүруге мүмкіндік беретін гуманитарлық визаны күтіп отыр.

Айта кетсек, Құрама Штаттар президенті Дональд Трамп егер Мексика мигранттарға қарсы қатаң шара қолданбаса, шекараны жабатынын ескерткен еді. Сондықтан Мексика үкіметі мұндай құжатты беруді азайтты. Бұдан 1500-ге жуық адам зардап шегіп отыр. Олардың ішінде Гондурас, Сальвадор, Никарагуа, Куба азаматтары да бар. Миграция институты визаны алдымен қарттар мен кәмелетке толмағандарға беріп, қалғандарына үйлеріне қайту үшін көлік ұсынатынын айтқан. Алайда, мигранттар үміттерін үзбей, АҚШ-қа баруды мақсат тұтып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу