Алжир президенті Әбділәзиз Бутефлика биліктен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжир президенті Әбділәзиз Бутефлика биліктен кетті

03.04.2019

Алжир президенті Әбділәзиз Бутефлика қызметтен кетті. Бұл туралы мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады. Ал, жаңалықты қуана қабылдаған алжирліктер көшелерге шығып, тойлатып жатыр. Олар байрақтарын көтеріп, жаңа үкіметпен өмірлерінің жақсаратынына сенім білдірді.

Айта кетсек, 82 жастағы Бутефлика 20 жылдан астам уақыт ел басқарған. Дегенмен, билік басында әлі де қалып, 5-ші мәрте сайлауға қатысуға ниет білдірген еді. Алайда, халық оның қызметтен кетуін талап етіп, бірнеше рет шеруге шыққан соң, осындай шешім қабылдауға тура келген.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу