Алжир президенті сайлауға қатыспайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжир президенті сайлауға қатыспайтын болды

12.03.2019

Алжир президенті Әбділ-Әзиз Бутефлика президент сайлауына қатыспайтын болды. Бұған дейін ол бесінші мәрте сайлауға түсуге бел буған еді. Алайда, халық наразылық білдіріп, шеруге шыққан соң, бұл шешімнен бас тартуға тура келді. Оның үстіне 82 жастағы саясаткердің денсаулығы да сыр бере бастаған.

Шешімді жариялау алдында да ол медициналық мекемедегі тексеруден шығыпты. Сонымен қатар, елдің премьер-министрі де отставкаға кетіп, үкімет жаңартылады деп мәлімдеді. Бұл жаңалықтарды халық қуана қабылдады. Олар көшелерге шығып, жеңісті атап өтті.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

 

Хабарламаларға жазылу