Перуде автобус өртеніп, 20 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде автобус өртеніп, 20 адам қаза тапты

01.04.2019

Перу астанасы Лимада қос қабатты автобус өртеніп, кемінде 20 адам мерт болды. Тағы 8 тұрғын жараланған. Куәгерлердің сөзінше, от көліктің моторында тұтанып, лезде салонға тараған. Қазір апаттың себебі тергеліп жатыр.

Лима мэрі мәлімдегендей, автобус бірнеше апта бұрын ғана тоқтауға тыйым салынған аялдамада өртке оранды. Және де осы оқиға болған жерде жанармай сататын заңсыз сауда орны орналасқан.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу