Перуде автобус апатынан 36 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде автобус апатынан 36 адам қаза тапты

03.01.2018

Перуде автобус 100 метр биіктіктен құлады. Бұл апаттан 36 адам қаза тапқан. Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, 6 адам тірі қалып, ауруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 50-ге тарта  жолаушы отырған.

Төтенше оқиға ел астанасы Лиманың солтүстігіндегі «Әзәзіл бұрышы» деп аталатын жол бөлігінде болды. Трагедияға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, автобус өзге көлікпен соқтығысып, құзға құлап кетсе керек.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу