АҚШ мұнай танкерін ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ мұнай танкерін ұстады

27.05.2022

Құрама Штаттар Грекия жағалауында ресейлік кемеге тиелген Иран мұнайын тәркілеп, оны басқа танкерлермен АҚШ-қа жөнелтті. Мұны Американың Әділет департаменті растап отыр. Осы оқиғадан кейін ИРНА агенттігі Тегерандағы грек елшісі Иран сыртқы істер министрлігіне шақырылғанын хабарлады. Алайда, Грекия үкіметі бұл мәліметті растамай отыр.

Айта кетсек Ислам Республикасы ядролық бағдарламасы үшін халықаралық санкцияға алынғаны белгілі. Осыған байланысты Иранның шетелге мұнай сатуына да шектеу қойылды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу