АҚШ-та жоғары оқу орындарына қатысты үлкен жанжал шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та жоғары оқу орындарына қатысты үлкен жанжал шықты

13.03.2019

Мұнда 50 шақты адамға мектеп түлектерін элиталық университеттерге заңсыз жолмен түсірді деген айып тағылып отыр. Олардың қатарында Голливуд жұлдыздары Фелисити Хаффман мен Лори Лафлин де бар. Ауқатты ата-аналар балаларының Йель және Стэнфорд сияқты үздік оқу орындарында білім алуы үшін 6 миллион долларға дейін төлеген екен.

Олардың кейбіреуі қомақты қаражатты тікелей бермей, қайырымдылық қорларына аударыпты. Кейін сол пара жаттықтырушылар мен емтихан бақылаушылары тәрізді қызметкерлердің қалтасына кетіп отырған. Бұл ауқымды алаяқтық кестесін Федералдық тергеу бюросы мен Бостон прокуратурасы әшкереледі. Ал, балалардың көбі мұны білмей қалған. Қазір 33 ата-ана мен 13 жаттықтырушы тергеліп жатыр. Олардың ішінде кінәсын мойындағандары да бар.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу