Вашингтон Ресейді айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Ресейді айыптады

12.03.2019

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Венесуэладағы дағдарыс үшін Ресейді айыптады. Оның айтуынша, «Роснефть» компаниясы АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, Венесуэладан шикі мұнай сатып алып, президент Николас Мадуро режиміне көмектесіп отыр.

Тағы бір сөзінде Помпео Каракастан америкалық дипломаттардың барлығы шығарылатынын хабарлады. Айта кетсек, Венесуэла үкіметі елдегі ауыр саяси және экономикалық  дағдарыс үшін Құрама Штаттарды кінәлап отыр. Алайда, Вашингтонның ойынша, оңтүстікамерикалық мемлекеттегі жағдайдың қиындауына Мадуроның тиімсіз билігі себепші.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

Хабарламаларға жазылу