Мадрид Ресейді сепаратизм үшін айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадрид Ресейді сепаратизм үшін айыптады

14.11.2017

Ресей онлайн әлеуметтік желілер арқылы Каталониядағы сепаратистік ахуал туралы кеңінен ақпарат таратқан. Оның ішінде шындыққа жанаспайтын мәліметтер де көп. Мұны Брюссельде өткен кездесуде испан үкіметінің өкілдері мәлімдеді. Корольдіктің Сыртқы істер министрі Альфонсо Дастистің мәлімдеуінше, Мәскеу осы әрекеті арқылы Испанияның тұрақтылығын теңселтуді көздеген.

Ресми Мадридтің дерегінше, Ресейдің мемлекеттік және жеке сектор топтары қазанда өткен референдум қарсаңында каталондықтардың пікірін сепаратизмге бұру үшін «Твиттер», «Фейсбук» және өзге де интернет-сайттар арқылы материалдарды жан-жақты жазған. Каталонияның экс-жетекшілері болса, Ресейдің көмегіне жүгінгендерін жоққа шығарды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу