БҰҰ Украина дағдарысына қатысты отырыс өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Украина дағдарысына қатысты отырыс өткізді

01.02.2022

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Құрама Штаттардың бастамасымен Украина төңірегіндегі дағдарысқа қатысты отырыс өткізді. Жиынға қатысушылар АҚШ пен Ресей дипломаттарының сөз таластыруына куә болды. «Нью-Йорк Таймс» газетінің хабарлауынша, өткір пікірталас қос державаның қырғи-қабақ соғыс кезіндегі әрекеттерін еске түсірген. АҚШ Ресейді Украинамен шекараға 100 мыңдай жауынгерін орналастырып, ғаламдық қауіпсіздікке қатер төндірді деп айыптады. Ал Кремль дипломаттары Ресей Украинаға басып кіруді жоспарлап отырғанын жоққа шығарып, шиеленістің туындауы мен өршуіне америкалықтарды айыптады. Жиынның айтарлықтай бөлігі АҚШ пен Ресей дипломаттарының арасындағы кикілжіңмен өтіп, тараптар ортақ пікірге келген жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу