Қытай үкіметі Boeing 737 МАХ 8 ұшақтарының әуеге көтерілуіне тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай үкіметі Boeing 737 МАХ 8 ұшақтарының әуеге көтерілуіне тыйым салды

11.03.2019

Эфиопия басшылығы да осындай шешім қабылдаған. Бүгінде Қытайдың үш ірі авиациялық компаниясында мұндай ұшақтардың 90-нан астамы қолданыста жүр. Бейжіңнің оларды түгелдей жерге қондыруына Эфиопияда болған апат себепші. МАХ 8 джеттері соңғы 5 айда осымен екінші рет құлап отыр. Былтыр осындай лайнер апатынан Индонезияда 189 адам мерт болды.

Эфиопияда бүгін қаралы күн. Жексенбі таңертең Boeing 737 МАХ 8 ұшағы құлап, оның бортында болған 157 адамның барлығы қаза тапты. «Ethiopian Airlines» компаниясының жолаушылар лайнері Аддис-Абебадан Кения астанасы Найробиге бағыт алған еді. Алайда, көкке көтерілгеннен кейін 6 минуттан соң Boeing апатқа ұшырады. Ұшақ бортында әлемнің 35 елінің азаматтары болған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу