Индонезияда шахта опырылып, 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда шахта опырылып, 3 адам қаза тапты

27.02.2019

Индонезияның Сулавеси аралында қайғылы жағдай болды. Мұнда заңсыз алтын кеніші құлап, 3 адам қаза тапты. 16-сы құтқарылған. Құтқарушылардың сөзінше, үйінді астында 60-тан астам адам қалып қойса керек.

Олар алтын қазып жатқан кезде, кенеттен тіреуіш бөренелер мен тақтайлар құлаған екен. Құтқарушылар шахта ішінен адамдардың дауысын естігендерін айтады. «Рейтердің» мәліметінше, Индонезияда 1 миллиондай адам заңсыз алтын қазумен айналысады. Олар кей кездері 90 метрдей туннельдер қазып, қауіпсіздік ережелерін сақтамай, өз өмірлеріне қатер төндіреді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу