Вьетнам астанасында Трамп-Ким саммитіне әзірлік аяқталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнам астанасында Трамп-Ким саммитіне әзірлік аяқталып келеді

25.02.2019

Ал, қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілген.

АҚШ президенті мен Солтүстік Корея лидері Ханойда ақпанның 27-28-і күндері кездесіп, Корей түбегін ядролық қарудан тазарту мәселесін талқылайды. Дегенмен, алдағы келіссөздердің нақты қандай нәтижемен аяқталатыны әзірге белгісіз. Соңғы мәліметке қарағанда, Ким Ханойға пойызбен аттанды. Ал, Трамп Вьетнамға бүгін ұшады.

Екі елдің жетекшілері 8 ай бұрын Сингапурда кездескені белгілі. Бірақ, АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, содан бері Пхеньяннан төнген ядролық қауіп әлі сейіле қойған жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу