Трамп пен Ким қайта кездесуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Ким қайта кездесуі мүмкін

25.09.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен қайта кездесетін күннің жарияланатынын күтіп отыр. Алайда, ол саммиттің өтетін орны әлі анықталуы керек. Мұны Ақ үй басшысы Нью-Йоркте Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен жүздесуде мәлімдеді.

Мун Трампқа Кимнің жаңа саммит ұйымдастыру туралы  жеке хатын жеткізіп отыр. Онда Солтүстік Корея лидері Америка президентімен жақын арада кездесуге үміт білдірген.

Айта кетсек, Трамп пен Ким маусымның 12-де Сингапурда келіссөз жүргізіп, Корей түбегін ядролық қарудан тазарту мәселесін талқылағаны белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу