Дизайнерлер шоколадтан жасалған киім үлгілерін ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дизайнерлер шоколадтан жасалған киім үлгілерін ұсынды

22.02.2019

Таза шоколадтан жасалған сән үлгісі. Бельгия астанасы Брюссельде 70 шақты дизайнер осындай ерекше туындыларын ұсынды. Олардың арасында шоколадтан құйылған 13 көйлек бар. Сонымен бірге, екі дизайнердің бірлесе жасаған киімі де жұртшылықты таңқалдырды. Оның салмағы - 8 келі.

Сән көрсетіліміне Брюссель мэрі Филипп Клауст та қатысқан. Байқауда жергілікті дизайнерлермен бірге шетелдік сән мамандары да өздерінің кондитерлік өнімнен дайындалған еңбектерін ұсынды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу