Ресей Душанбе мен Кабулды сабырға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Душанбе мен Кабулды сабырға шақырды

01.10.2021

Мәскеу Тәжікстан мен Ауғанстанды сабырға шақырып, өзара дауды екі жаққа тиімді мәнерде шешуге шақырады. Мұны Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алексей Зайцев мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір ауған-тәжік шекарасына тараптар әскер шоғырландырып жатыр деген мәлімет тарап жатыр.

Бір кездері жеріне Ресейдің әскери базасын шоғырландырған Тәжікстан өзінің Ауғанстанға жақын екі облысында үлкен парадтар өткізді. Ал, президент Эмомали Рахмон Кабулдегі тәліптер билігін тәжіктер мекендейтін Панджшер провинциясында адам құқығын бұзды деп айыптады. Сондай-ақ ресми Душанбе «Талибан» үкіметін мойындамайтынын жеткізді.

«Талибан» болса, Тәжікстанға Ауғанстанның ішкі істеріне араласпауды ескертіп, шекаралас Тохар провинциясына арнайы қызметтің ондаған мың сарбазын аттандырған.

Айта кетсек, тәліптер Ауғанстандағы ең ірі этникалық топ. Ал, тәжіктер ауған халқының төрттен бірін құрайды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу