Францияда мыңдаған адам үкіметке қарсы шеру өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда мыңдаған адам үкіметке қарсы шеру өткізді

06.02.2019

Наразылық акциясына «Сары кеудешелер қозғалысы» мен кәсіподақ өкілдері қатысқан. Баннерлер ұстап, билікке қарсы ұран тастаған демонстранттар елдегі жұмыспен қамту және табыс теңсіздігіне қатысты күрделі ахуалды сынға алды. Францияда турбуленттік кезең басталғалы бері кәсіподақтар мен «Сары кеудешелер» қозғалысы алғаш рет бірлескен наразылық акциясын ұйымдастырып отыр.

Айта кетсек, Парижде «Сары кеудешелер» қозғалысының шерулері, тәртіпсіздіктер қарашадан бері жалғасып жатыр. Франция парламентінің төменгі палатасы болса, бұзақыларға қарсы заңды көпшілікпен құптады. Кейбір пікірлерге сай, аталған заң азаматтық еркіндіктерді шектеуге әкелуі мүмкін. Ол бойынша шерушілерге беттерін жабуға тыйым салынған. Бұған қоса, демонстрация кезінде жекелеген тәртіп бұзушыларды ұстауға, сонымен бірге олардың манифестацияларға қатысуына тыйым салу құқығы берілмек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу