Куба астанасы Гаванада құйын көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Куба астанасы Гаванада құйын көтерілді

29.01.2019

Одан 3 адам қаза тауып, 170-тен астамы жараланған. Мұндай торнадо Куба астанасына соңғы ондаған жылда алғаш рет соққы беріп отыр. Солтүстіктен келген суық ауа райы мен оңтүстіктен соққан желдің әсерінен өңірде күшті жел көтеріліп, нөсер жауын жауған. Алапат құйын үйлерді, көліктер мен шағын жүк көліктерін аударып, ал, жауын кезінде көшелерді су басты. Қазір торнадо соққы берген жерлерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу