«Астана арландары» кубалық боксшылармен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» кубалық боксшылармен кездеседі

06.05.2014
«Астана арландары» кубалық боксшылармен кездеседі
Дүниежүзілік бокс сериясы аясында 23-ші ақпанда Куба астанасы Гаванада «Астана арландары» мен «Cuba Domadores» командалары жекпе-жек өткізеді.
 
Бірден айта кетейік, «арландардың» бас бапкері Сергей Корчинский бұл сынға тәжірибелі боксшыларды емес, клубқа жаңадан қосылған жігіттерді қосуды ұйғарыпты.
 
Олар Теміртас Жүсіпов (49 келі), Бағдат Әлімбеков (56 келі), Руслан Мәдиев (64 келі), Ерік Әлжанов (75 келі) және Арбек Абдуғаниев (91 келі).
 
Қазақстандық команда 19 ұпай жинап, «В» тобында екінші орында келеді. Топ басындағы кубалық боксшылардан екі ұпайы кем.
 
Гаванада өтетін жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция жексенбі, 23 ақпанда таңғы сағат 07:20-да басталады. Сонымен қатар, www.kazsporttv.kz сайтынан онлайн-көрсетілім жүргізіледі.
   

Хабарламаларға жазылу