Үндістанда әлемнің ең жеңіл жерсерігі ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда әлемнің ең жеңіл жерсерігі ұшырылды

25.01.2019

«Каламсат» аталатын бұл спутниктің салмағы небәрі  1 келі 26 грамм. Ол елдің оңтүстігіндегі Шрихарикота айлағынан көкке самғаған. Мұны осыдан бірер сағат бұрын Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы хабарлады. Бұл мекемеге жерсеріктің сәтті ұшырылуына байланысты премьер-министр Нарендра Моди құттықтау жолдады.

Тағы бір айта кететін жайт, Дели 2022 жылға дейін орбитаға өз күшімен бір аптаға үш адамдық экипаж аттандыруды жоспарлап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу