Қытай экономикасы өткен жылы 6,6 пайызға өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай экономикасы өткен жылы 6,6 пайызға өскен

21.01.2019

Қытай экономикасы өткен жылы 6,6 пайызға ғана өсіп, 1990 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішті байқатты. Мұны бүгін осы елдің Мемлекеттік статистикалық басқармасының басшысы Нинь Цидже мәлімдеді. Жалпы ішкі өнім өсімінің баяулауына ішкі сұраныстың төмендігі және АҚШ жариялаған тарифтер себепші болуы мүмкін.

Кейбір бақылаушылардың болжамынша, биыл Қытай экономикасы 6,3 пайызға дейін баяулауы мүмкін.

Ресми Бейжің күрт құлдырауға жол бермеу үшін сұранысты арттыру, құрылыс жобаларын жеделдету, салықты төмендету шараларын қолға алып жатыр.

Алуа ТӘЖІҒАЛИЕВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу