Қырғызстан Қазақстанмен шекараны белгілеу келісімін бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан Қазақстанмен шекараны белгілеу келісімін бекітті

18.01.2019

Тиісті құжатқа ел президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойды. Екі ел арасындағы шекараны бекіту туралы келісім былтыр 25 желтоқсанда Астанада жасалған еді. Бұл шешімді қырғыз парламенті 6 желтоқсанда мақұлдады. Енді Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға демаркациялау туралы келісімнің бекітілгенін хабарлауы тиіс. Демаркация сызығы - 1.257 шақырым. Екі мемлекет арасында 683 шекара белгісі мен 1055 шекара бағаны орнатылған. Бұларды қос тарап 10 жыл сайын тексеріп тұратын болады. Ал, Қазақстан - Орталық Азияда шекаралық аумағын толықтай шегендеп алған бірден-бір мемлекет.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу